Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:02, 05 Қаңтар 2024

Баянауылда кен орнында көз жұмған және із-түзсіз кеткендердің отбасына 4,5 млн теңгеден беріледі

Баянауылда кен орны
Фото: из открытых источников

Павлодар облысы Баянауыл ауданында «Майқайыңалтын» АҚ кен орнында көз жұмған және із-түзсіз кеткендердің отбасына 4,5 млн теңгеден өтемақы төленеді. Облыс әкімі Асайын Байханов осындай мәлімдеме жасады.

"Қаза тапқан және жоғалған құтқарушылардың отбасыларына «Майқайың-алтын» АҚ және КӘАҚҚ РОШ-нан әрбір отбасына 4.5 млн теңгеден астам мөлшерде материалдық көмек көрсетілетін болады. Мемлекет тарапынан қаза тапқан жандардың отбасыларына асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындалады. Қаза болған екі құтқарушының отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың иманы саламат болсын. Біз іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырамыз", - деді әкім мәлімдемесінде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Байханов Асаин (@asaiyn.baikhan)

 

Айта кетейік, кеше «Майқайыңалтын» кен орнында ойық маңындағы топырақ опырылып, 4 адам мінген автобус ойық ішіне құлап кеткен болатын. Кейін оқиға орнынан екі адамның денесі табылды.