Билл Клинтон сайлауға түсіп жатқан Харрис пен Трамп туралы айтты
АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон мен Нэнси Пелоси Демократиялық партияның ұлттық құрылтайында сөз сөйледі.
Билл Клинтон Демократиялық партияның съезінде сөйлеген сөзінде Камала Харрис пен Дональд Трамптың таңдауы анық екенін айтты.
«2024 жылы бізде нақты таңдау болады деп ойлаймын. Мен олардың қайсысын өз еліме [президент ретінде] лайық көретінімді білемін»,- деді ол.
Оның айтуынша, Харрис американдықтардың мәселелерін шеше алады және олардың әрқайсысының «армандарына жетуге мүмкіндігі бар» екеніне көз жеткізе алады.
Клинтоннан кейін Өкілдер палатасының бұрынғы спикері, Демократиялық партияның ең ықпалды өкілдерінің бірі Нэнси Пелоси сөйледі.
Ол Байден-Харрис әкімшілігін «заманымыздың ең табысты командаларының бірі» деп атады.
«Вице-президент Харрис бізді жаңа биіктерге шығаруға дайын екенін білемін», - деді Пелоси.