Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:56, 15 Желтоқсан 2023

«Брекетті жұтып қойса не болады» : тіс дәрігері жауап берді

брекет
Фото: из открытых источников

Кез келген ауруды уақытында емдеп, дәрігерден кеңес алмаса бірден үдей түсері анық. Бұл бәріне белгілі. Жалпы аурулардың ішінде өте үлкен гигиеналық тазалықты қажет ететін, басқа ағзалардың да саулығының кепілі осы – тіс саулығы болмақ. Адамдардың тіс дәрігерлеріне жиі қоятын, маңызды сұрақтарға жауап алу мақсатында Алматы қаласындағы Dobrodent жеке тіс емханасының дәрігер-ортодонты Әділет Асқарұлымен әңгімелесіп көрдік.

Күз бітіп, аязды қыстың басталуымен маусымдық кезеңде адамның денесі қайта құрылымдауға ұшырап, стрессті бастан кешіреді, ал вирустық аурулардың өршуі иммунитеттің төмендеуіне әкеледі. Бұл барлық созылмалы ауруларды, соның ішінде ауыз қуысының созылмалы инфекцияларды тудырады. Күн суытқанда температураның өзгеруіне байланысты тіс эмалінда жарықтар пайда болуы мүмкін, бұл тіс сезімталдығының жоғарылауына әкеледі. Алайда бұл адамдарда басқаша сезілуі мүмкін. Жалпы күнделікті өмірде адамдар қандай белгілерге назар аударып дереу тіс дәрігеріне көрінуі керек?

- Ең алдымен жалпы шағым, ауру сезімі, салқын, ыстыққа, мүмкін тәттіге, ащы мен қышқылға, өздігінен сирек уақыттарда тіс қақсайтын болса бірден дәрігерге көріну керек. Сонымен қоса, тісті жуған кезде қызыл иек аз да болсын қанайтын болса, жағымсыз иіс шықса, жақ-сүйек аймағында ауру сезімдері болса бірден дәрігердің қарауына келу қажет.

Тіс ауруы жалпы адамдардың денсаулығына қалай әсер етеді?

- Адамдарда тіс ауруы кезінде соматикалық ауру сезімі болады, яғни адамның жалпы ағзасының жағдайы нашарлап, психологиялық көңіл-күйі бұзылып, адам ашушаң болып кетеді. Егер жалпы ағзаны алар болсақ, тіс жұлғаннан кейін шайнау қызметі дұрыс жұмыс жасамай асқазан-ішек жолдары бұзылады.

Адамдар тіс жылу процесінде есінен танып қалса немесе қатты қорқатын болса, бұл жағдайда науқастың хәлін, эмпатиясын сезіне білетін дәрігер болуы абзал.

Брекет – бұл бір-бірімен доға арқылы байланысқан, тістің сыртқы бетіне арнайы желіммен жабыстырылып, емдеу мерзімі біткенше ай, жыл алынбайтын, арнайы құлыптар қатарынан тұратын құрастырма. Тірек бөлігі сақина түрінде артқы алтыншы немесе жетінші тіске бекітіледі. Брекет қойылғаннан кейін доға үнемі осы пішінге келуге тырысатын болады. Брекет кез келген бағыттағы жеке алғандағы тістің орнын өзгерте алады. Брекет адам тісінің үлгісіне қарай орнатылады. Қисық біткен тістерге құлып қойылып, сыммен тартып байланады. Емдік шара уақыты науқастың жасына, ауру дәрежесіне байланысты.

Брекетті қай жастан бастап салдыруға болады?

13 жастан асқан балаларға брекет салдыруға рұқсат етіледі. Себебі тұрақты тістер 13 жастан бастап шығады. Он үш жасқа дейін сүт тістерінің қисық болуы табиғатқа тән нәрсе. Олар түсіп қалатын болғандықтан, оларға брекет орнатылмайды. 13 жастан бастап 50 жасқа дейін брекет қойдыруға болады. Тек брекетті жасау жүйесінің өз бағдарламасын мұқият орындап, тіске қойылған диагнозына мән беру қажет.

Көптеген адамдарда брекет қойдырмас бұрын қорқыныш, үрей болып, ойында мыңдаған сұрақтар болады. Солардың ішінде ең көп маңызды сұрақтардың бірі, егер брекет жүйесін тамақ шайнау барысында, ұйықтап жатқанда жұтып қойса не істеу керек. Оның қандай қаупі бар?

«Шыныкерек, брекет жүйесі ең алғаш медицинада қолданыла бастаған кезде науқас адам брекетті жұтып қойып, салдарынан асқазан-ішек жолдарына өте үлкен қауіп келген кездер болған. Бірақ қазіргі таңда бұл мәселеден еш қорықпау керек. Неге, себебі: брекет жүйесі барынша жылтыратылған, барынша никель-титан металынан жасалған. Яғни асқазанға түскеннен соң шіру, дат басу мақсатында химиялық процестерге шыдамды етіп жасалады»,- деп қорытындылады ортодонт-дәрігер.