Бұрынғы вице-министр Сарбасовқа қандай жаза тағайындалуы мүмкін?

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті бұрын ұсталған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болған Ақмәди Сарбасовқа тағылған айыпты жариялады.
Ведомствоның хабарлауынша, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті қызметін атқарған Сарбасовқа ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлімі 3-тармағы («ірі көлемде пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Аталған бапқа сәйкес, ол 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар пара сомасының 60–70 еселенген мөлшерінде айыппұл салу, мүлкін тәркілеу және өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыру жазасы қарастырылған.
Еске сала кетейік, бұрынғы вице-министр Ақмәди Сарбасов 2025 жылғы 28 маусым күні 75 мың доллар көлемінде пара беру кезінде ұсталған.