Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:28, 26 Қазан 2021

Дамыған 30 ел: 30 жылдыққа 30 тиын да бермеді

None
None

Газеттеріңіздің тілеулес жанашырының бірімін. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында өздеріңізден өтініп сұрайтыным мынау: біз, қарапайым ауыл адамдары, үкімет басында билікте отырған мырзаларға, парламент мүшелеріне, мәжіліс депутаттарына талап-тілектерімізді, өтініштерімізді жеткізе алмаймыз.

Сол себепті газет арқылы жеткізсеңіздер екен.

       Сонау Кеңес өкіметі тұсында халыққа теңдік әперген Ұлы Октябрь мерекесі қарсаңында халыққа бір жақсылық жасалатын, тауар түрлері не азық-түліктер белгілі бір мөлшерде арзандайтын.  Жалақыға ептеп қосымша ақша қосылатын еді. Кей жылдары тіпті түрмедегілерге де амнистия жеңілдіктер жасалатын.

       Ал егемендікке қолы жеткен Қазақстанымызда ше, 30 жылдан бері, алғашқы 20 жылға сөз айтпай-ақ қоялық, қазақ тілімізге әлі толық қол жеткізе алмадық. Одан бері де күн сайын қымбатшылық. Жыл сайын қамба-қамба миллиондап астық өндіреміз, сөйте тұра, нан, ұн бағасы шарықтап өсіп барады. Қара алтынның үстінде отырмыз дейміз, мұнайды өндіреміз, сөйте тұра, жанармайға жарымаймыз.  Күннен-күнге қымбаттап барады. Пайдасын шетелдіктер көруде.

      Тілегіміз: азық-түлік бағасына, нан мен ұн қымбаттауға шектеу қойылса… Халқымыздың шамамен 60-70 пайызының мойнында пайызы жоғары несие бұғауы бар, ол тынысымызды тарылтуда. Осы кредиттің ең болмағанда 30 мың теңгесін шегеріп, жеңілдік жасаса… Егемендігіміздің 30 жылдық мерекесіне орай, 16 желтоқсанда туғандарға 30 мың теңгеден жәрдем берілсе дейміз.

       Еліміздің экономикасы шарықтап дамыды, дамыған 30 елдің қатарына қосыламыз деп те мақтандық. Ал енді осы байлықтың пайдасын қашан көреді екенбіз?

Тегтер: