Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:51, 29 Шілде 2020

Дәрі-дәрмекті үйге жеткізіп береді

Шымкенттемобильді топтар диспансерлік есепте тұратын 38 556 азаматқа дәрі-дәрмекжеткізіп берді.

Бұл туралы бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсетутобының жетекшісі, №5 емхананың бас дәрігері Жібек Сейдалина мәлім етті.

– Шымкент қаласында жедел жәрдем қызметіненбөлек мобильдік топ тәулік бойы қызмет көрсетіп келеді.Мобилді бригада қызметімен диспансерлік есепте тұратын 38 556 азаматқа дәрі-дәрмекүйлеріне жеткізілді,-деді Жібек Сейдалина.Бұдан бөлек, мобильді бригада диспансерлік есепте тұрған 474 444 азаматқақоңырау шалып, жұқпалы аурудың алдын алу бойынша кеңестер берді. Атқарылғанжұмыстар қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына өз әсерін тигізген.

Тегтер: