Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:54, 30 Наурыз 2018

Дмитрий Гордон: Ресейде әлем чемпионаты өтпейді

«Бір жыл бұрын айттым, Ресейде футболдан әлем чемпионаты өтпейді деп. Көп адамдар мені ақымақ, есінен алжасқан, нақұрыс деп жазып жатты.

Бір жыл бойы айтып келем, сіздер тағы да сұрап отырсыздар. Қайталап айтам, Ресейде әлем чемпионаты өтпейді! Енді қараңыздар, қазір наурыз, чемпионат маусымда өтуге тиіс. Қазіргі жағдайға қарап, менің қарапайым ғана болжамымның дәл келе бастағанын көріп отырсыздар», деді Дмитрий ГОРДОН украиналық телеарналардың біріне берген сұхбатында.

 Маусымның 15-і мен 14-і аралығында Ресейде өтуге тиіс футболдан Әлем чемпионатына баруға байкот жариялау қазірдің өзінде басталып кеткені белгілі. Ұлыбританияның премьер министрі Тереза МЭЙ (Thereza May) ағылшындардың футболдан ұлттық құрамасын 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына қатыспауға үндеді. Тіпті, ешқандай министр, ешқандай дипломат, ешқандай король әулетінің адамдары чемпионатты көруге бармайтыны туралы жариялаған болатын. Бұл байкот Ұлыбританияда жүрген Ресей сыртқы барлау қызметінің бұрынғы офицері Сергей СКРИПАЛЬДІҢ улануынан кейін басталғаны мәлім. Британия тарапы бұрынғы саясаткерге жасалған қастандыққа Мәскеуді кінәлап отыр.Бұдан кейін іле-шала Австралия Сыртқы істер министрі Жули БИШОП та Сергей Скрипальдің улануын – Ресейдің агрессивті және алаңғасар саясатының бір көрінісі деп бағалайтынын, бұл жағдайға қатысты ӘЧ-на байкот жариялау тұрғысында ұлыбританиялық және өзге де әріптестерін қолдайтынын айтқан.Исландия тарапы да 26 наурыз күні дипломатиялық байкот жариялап, чемпионатқа ешқандай саясаткер келмейтінін айтты. Әлемдік БАҚ-та Польша, Дания, Швеция және Жапония елдері де байкот жариялауға дайын деген ақпарат бар.«Ұлыбритания Франциямен, Германиямен және АҚШ-пен байкот жариялау туралы келісімге келгенін нақты білем. Меніңше, Ресей бұл жағдайда жете бағаламай отыр. Бұл жайтты ғана емес, Ресей өзінің қандай жағдайда тұрғанын әлі түсінбей жүр», дейді Дмитрий Гордон аталған сұхбатта.Саясаткерлер егер Ресейдегі Әлем чемпионатына Еуропаның футболдан жетекші құрамалары келмей қалатын болса, бұл байкоттың Ресейге салынып келген түрлі санкциялардан да зардабы көп болатынын айтады. Керісінше, Путин бұл байкотты әлемнің Ресейге көрсетіп отырған жан-жақты қысымының көрінісі ретінде пайдалануы мүмкін деген де жорамалдар бар.

zhasalash.kz

Фотолар: etvpluss.err.ee, youtube.com

     
Тегтер: