Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
01:07, 04 Қаңтар 2019

Допинг дауы: Қазақстандық боксшы қыз 2020 жылға дейін рингке шықпайды

Жастар арасындағы әлем біріншілігінің екі дүркін жүлдегері, боксшы Назым ИШАНОВА бір жылға спорттан шектетілді.
Бұл туралы Жас Алаш Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.Ұлттық антидопинг орталығы жариялаған тізімде допинг-тесттен өте алмаған боксшы Назым Ишанованың сой жарияланды. Сынамадан тыйым салынған фуросемид шыққан.  Бұрымды боксшы енді рингке 2020 жылдың қараша айында ғана орала алады. Назым  2013, 2015 жылдары жастар арасындағы әлем біріншіліктерінде қола медаль жеңіп алған.Фото: informburo.kz
Тегтер: