Хромтау әкіміне қатысты пара беру ісі сотқа жіберілді
Хромтау әкімі Сағындық Шабықбаевқа қатысты қараша айында қозғалған пара алу ісінің тергеуі аяқталып, сотқа жолданды. Бұл туралы «Диапазон» хабарлады.
«Қарашада Хромтау әкімі Сағындық Шабықбаев пара алу ісі бойынша қамауға алынған еді. Жемқорлық дерегі бойынша тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілгені белгілі болды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 12 қарашада Шабықбаев екі ай мерзімге қамауға алу санкциясы берілді.
Сағындық Шабықбаев 1985 жылы 24 шілдеде Қостанай облысының Қамысты ауылында дүниеге келген. 2018 жылдың тамызынан бастап Хромтау әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Екі жыл бұрын Хромтау қаласының әкімі ретінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен тағайындалды.
Әкімге қатысты алғашқы сот отырысы 11 желтоқсанда Хромтау аудандық сотында өтеді.