Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
00:12, 15 Қаңтар 2019

«Канело» - GGG: Үшінші жекпе-жек болады

Сауль Альварес (51-1-2, 34 КО) пен Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) арасындағы аты шулы жекпе-жек жалғасын табады.
Бұл туралы соңғы күндері әлемдік басылымдар сенімді жаза бастады.Мұндай сенімді пікірге себеп болып отырған басты оқиға – Головкиннің DAZN-мен келісім-шартқа отыруы. Ал, бұл DAZN өткен күзде ғана Альвареспен де келісім-шартқа отырған.Әлемнің спортсүйерлері асыға күтіп жүрген бұл жекпе-жектің қалай да болатыны жайлы HBO-ның комментаторы Рикардо СЕЛИС те растап отыр деп хабарлайды vesti.kz.«Канело» — GGG-дің үшінші кездесуіне дайындалыңыздар. Головкин жаңа ғана DAZN-мен келісім-шартқа қол қойды. Барлық жол мамырға, дәл сол T-Mobile Arena-ға нұсқап тұр», — дейді комментатор.Бұдан бұрын Альварестің ісін жүргізіп отырғар Оскар Де Ла Хойя Головкинмен үшінші кездесуді өткізу тіралы келісім-сөздерді жүргізуді бастағанын айтқан.Дегенмен, бұл алғашқы келісім-сөзден кейін ол твиттерде «Головкиннің Альвареспен шыққысы келмейтін сияқты. Бұрынғыдай жеңіл кездесулерді қалайды. Уақыт көрсетеді, достар», деп жазған болатын.Бұл жағдайды сарапшылар алғашқы келісім-сөздің онша сәтті өтпегенінің көрінісі деп болжап жатыр. Дегенмен, екі боксшының да DAZN-мен жұмыс істейтінін ескерсек, енді келісімге келу әлдеқайда оңайлай түседі деп күтуге болады.Мексикалық боксшының командасы 4-мамырға T-Mobile Arena-ны брондап қойған. Головкин де 2019-дың мамырында рингке шығатынын айтқан.Головкин мен Альварес бұған дейін екі мәрте кездесіп, алғашқысы тең, екіншісі қазылардың басым даусымен мексикалықтың пайдасына шешілген.Әлемдік бокс сарапшылары Головкиннің Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізуі үшін – DAZN-мен келісім-шарт жасасуы керек екенін айтқан. Келісім-шарт дайын, «Канело» жағы алғашқы мәлімдемесін жасады. Енді GGG-дің сөзін күтеміз...Фото: nur.kz
Тегтер: