Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:28, 24 Шілде 2020

Карантин оң нәтиже беріп келеді

Шымкентқаласында эпидемиологиялық ахуал тұрақтала бастады. Науқастарға қажеттімедициналық көмек көрсетілуде.

Жалпы мегаполистекороновируспен күрес бойынша ем алу шараларын жүргізуге 3264 медицинақызметкері жұмылдырылған.Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкентқаласы денсаулық сақтау басқармасының өкілі Жақсылық Мәуленов мәлімдеді.

— Қала әкімініңтапсырмасына сәйкес, эпидемиологиялық жағдайды ретке келтіру жәнекоронавирустық инфекцияның кең таралуын болдырмау мақсатында науқастарғақажетті медициналық көмек көрсетілуде. Жалпы инфекциялық ауруханаларда 650 төсек-орынбар. Онда 366 науқас ем қабылдауда. Бұл дегеніміз, жағдайдың тұрақталып кележатқанын көрсетеді. Яғни, қалада кәсіпкерлік нысандардың, сондай-ақазаматтардың карантин талаптарын сақтауы оң нәтижесін беруде. Сонымен қатар,жеңіл орта дәрежедегі правизорлық орталықтарда емделіп жатқан науқастар да бар.Өздеріңізге белгілі, 3210 правизорлық орталықтар болып саналады, яғни 26мекеме. Бұл жерде 1832 науқас емделуде. Жалпы өткен тәулікте жедел жәрдемге1707 шақырылым болған. Оның ішінде ЖРВИ бойынша 22 науқас болса, жалпыпневмониямен — 98 адам. Айта кетерлігі, Шымкентте медициналық көмекке жүгінетіназаматтар санының азаюына байланысты жеңіл атлетика спорт кешеніндегі 360орындық күндізгі стационар жабылды. Бұл стационарда алғашқы бірнеше күнде500-ден 700-ге дейін тұрғын емделді. Соңғы бес күн ішінде стационарғакелушілердің саны күніне 25 адамға дейін азайды, яғни күнделікті стационарға әремханадан екі-үш емделуші келді. Ол жердегі қызметкерлер өз емханаларына барыпжұмыстарын атқарып жатыр, — деді Жақсылық Мәуленов.

Тегтер: