Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 16:40

«Қайрат» екі легионермен қоштасты

1
Фото: KazFootball

Алматылық Қайрат футбол клубы шетелдік екі ойыншысы – жартылай қорғаушылар Гиорги Зариа мен Офри Арадпен ресми түрде қоштасқанын мәлімдеді.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Клуб мәліметінше, екі футболшының да келісімшарт мерзімі аяқталып, тараптар жаңа келісім жасаспау туралы шешім қабылдаған.

Гиорги Зариа Грузиялық хавбек «Қайрат» сапына 2024 жылдың қаңтарында қосылды. Алғашқы маусымында ол 30 матчта 15 нәтижелі әрекет көрсетіп, Қазақстан Премьер-лигасының ең үздік жартылай қорғаушысы атанды.

2025 жылы Зариа «Қайраттың» чемпион болуына, Суперкубокты жеңуіне және Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуына елеулі үлес қосты. Клубтағы жалпы көрсеткіші – 59 матч, 16 гол және 11 нәтижелі пас. 

Ал, Офри Арад Израильдік жартылай қорғаушы «Қайрат» құрамына 2023 жылдың ақпанында келген. Ол алматылық клубпен бірге 2024 және 2025 жылдары Қазақстан чемпионы атанып, Суперкубокты жеңіп алды және командамен бірге Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама иеленді.

Арад «Қайрат» сапындағы соңғы ойынында Интер қақпасына «Джузеппе Меацца» стадионында гол соқты (1:2). Жалпы алғанда, ол клуб үшін 92 матч өткізіп, 3 гол және 10 голдық пас авторы атанды.

Бұған дейін алматылық клубтың баспасөз қызметі 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмурзаның жаңа келісімшартқа әлі қол қоймағанын хабарлаған болатын. 

Тегтер: