Бүгін, 12:15
Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған Алматыдағы ғимарат 61 млрд теңгеге сатылымға шығарылды
Алматыдағы Kaisar Plaza сауда орталығы 61 миллиард теңгеге мемлекеттік аукцион арқылы сатылмақ. Бұған дейін нысанның заңсыз сатып алынғаны анықталып, 2023 жылы Қаржы министрлігінің балансына берілген.
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна көлемі 9,2 миллиард теңгені құрайды. Сауда-саттық 7 сәуірде басталады.
Kaisar Plaza – автотұрағы және панорамалық қабаты бар тоғыз қабатты сауда және кеңсе орталығы. Қазіргі уақытта ғимаратта 53 ұйым жалға алушы ретінде жұмыс істеп жатыр.