Қайрат Сәтжанов Қазақстанның ерлер құрамасының бас бапкері қызметінен кетті
Қазақстанның ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов өз қызметінен кетті.
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы мәлімдеді.
Федерацияның хабарлауынша, 35 жылдан астам тәжірибесі бар маман денсаулығына байланысты бас бапкерлік қызметті тоқтатқан.
Қайрат Сәтжанов Қазақстанның ерлер құрамасын 2024 жылдың тамыз айынан бері басқарды. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағына ие бапкердің жетекшілігімен ұлттық құрама бірқатар халықаралық турнирлерде табысты өнер көрсетіп, әлем чемпионаттарының медальдарын жеңіп алды.
Жаңа бас бапкер тағайындалды
Қазақстанның ерлер құрамасының жаңа бас бапкері болып Нұржан Насанов тағайындалды.
Нұржан Насанов 1975 жылғы 23 қазанда дүниеге келген. Ол бапкерлік қызметін 2016 жылы бастаған. Ал ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына 2024 жылдың тамыз айында қосылған.