Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:41

Қазақстандық балуан Түркиядағы халықаралық турнирдің финалында жеңіске жетті

Бағдат Сабаз
Фото: Астана әкімдігі

Түркияның Анталья қаласында грек-рим күресінен Яшар Догу турнирі жалғасып жатыр. 

Олимпиада чемпиондары Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Капланның рухына арналған дәстүрлі халықаралық жарыста Қазақстан ұлттық құрамасы табысты өнер көрсетті. 

Аталған бәсекеде ел намысын қорғаған астаналық балуан Бағдат Сабаз ерекше көзге түсті. Ол 67 келі салмақ дәрежесінде финалдық белдесуде жарыс қожайынын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль иеленді. 

Жалпы, турнир қорытындысында Қазақстан құрамасы төрт медаль еншілеп, командалық есепте 104 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. Ұлттық құраманы баптайтын бас бапкер Қонысбек Төкенов спортшылардың жетістігі халықаралық аренада Қазақстан күресінің беделі нығайып келе жатқанын көрсететінін атап өтті.