Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:15

Қазақстанның шығысындағы жер сілкінді

жер сілкінісі
Фото: из открытых источников

2025 жылғы 5 қараша күні таңертең Шығыс Қазақстан облысында, Ресеймен шекараға жақын аймақта жер сілкінді.

Сейсмикалық дүмпулер астаналық уақыт бойынша 05:59-да тіркелген. Алтай–Саян филиалы (РФ Ғылым академиясының Геофизикалық қызметі) дерегінше, эпицентр Ресей шекарасынан шамамен 17 шақырым, ал Өскеменнен оңтүстік-шығысқа қарай 207 шақырым жерде орналасқан.

Эпицентрдегі сілкініс MSK-64 шкаласы бойынша 4,7 баллға жеткен.

Қазіргі таңда жер сілкінісінен қираған ғимарат пен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Төтенше жағдайлар қызметі мен сейсмологтар жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Мамандардың айтуынша, мұндай күшті дүмпулер аймақ үшін қауіпті саналмайды, бірақ тұрғындарға сақтық шараларын сақтау және жер сілкінісі кезінде ғимарат ішінде қауіпсіз орындарға жасырыну ескертіледі.

Айта кетейік, 3 қарашада  Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 1079 шақырым жерде жер сілкінді.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, жер сілкінісі Шымкент пен Түркістан облысында 2 балл шамасында сезілген.