Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:10, 20 Мамыр 2025

“Кетті, бітті”: АҚШ Алматыдан 49 жылға жер жалға алды

Ақш
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарымен арадағы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды.

Бұл келісімге сәйкес, АҚШ Алматы қаласынан 49 жылға жер телімін жалға алады. Аумағы 70 мың шаршы метрден асатын бұл жер телімі жаңа АҚШ Бас консулдығының ғимаратын салуға арналады.

Америкалық тарап бұл учаске үшін бір реттік төлем ретінде 25,3 миллион доллар аударады. Консулдықтан бөлек, аталған аумақта АҚШ-тың Сауда министрлігі, Есірткімен күрес агенттігі және Коммерциялық қызметінің өкілдіктері орналасады деп жоспарланған.

Жер телімі Алматыдағы элиталы әрі шектеулі құрылыс талаптары бар аудандардың бірінде орналасқан. Мұнда ғимараттардың биіктігіне қатысты қатаң шектеулер бар.

Келісім шарттарына сәйкес, АҚШ аталған жер учаскесі үшін салықтар мен басқа да алымдарды төлеуден босатылады. Сонымен қатар, жаңа нысанды салуға, оның техникалық қызметіне, қауіпсіздігіне, коммуналдық төлемдерге байланысты барлық шығындарды америкалық тарап өз мойнына алады.

Бұған дейін аталған мәселе қоғамда қызу талқыланып, кейбір сарапшылар бұл келісімді егемендікке қауіп ретінде бағалаған еді. Алайда ресми билік бұл әрекетті халықаралық ынтымақтастықты нығайту қадамы ретінде түсіндіреді.

Тегтер: