Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:57, 03 Қыркүйек 2023

Киев соты Коломойскийді қамауға алу туралы шешім шығарды

None
None

Игорь Коломойский қылмыстық жолмен табыс тапты деген күдікке ілінді. Ол 2019 жылғы сайлау алдында Зеленскийдің демеушісі ретінде көрінді.

Киевтің Шевченко аудандық соты украиналық кәсіпкер Игорь Коломойскийді алаяқтық және ақшаны жылыстату ісі бойынша екі айға қамауға алды.

Бұл ретте сот кәсіпкерді 510 миллион гривен (13,7 миллион доллар) көлемінде кепілмен босатуға рұқсат берді.

Қорғаушы тараптың өтініші бойынша сот отырысы жабық түрде өтті. Судья Коломойскийді сот залында қамауға алу туралы қаулы шығарды. Сот шешімі бойынша Коломойский барлық құжаттарды тапсырып, куәгерлермен араласпауы керек. «Суспильне» адвокаттардың сот үкіміне шағымдануға бес күн уақыты бар деп жазады.

2 қыркүйекте бұрынғы украиналық миллиардер Игорь Коломойскийдің алаяқтық, қылмыстық жолмен пайда табу, заңсыз активтерді заңдастыру сияқты қылмыстар бойынша күдікке ілінгені хабарланды. Тергеу мәліметтері бойынша, 2013-2020 жылдары Коломойский экспорт түрінде жарты миллиард гривнадан астам ақшаны заңдастырған. Ол үшін қарамағындағы банк ұйымдарын пайдаланған. Украина қауіпсіздік қызметі (СБУ) оның үйіне барып, оған тағылған айыптарды оқып берді

Айта кетейік, Игорь Коломойский — Украинадағы ең танымал байлардың бірі. Оның 2019 жылғы сайлауға дейін Владимир Зеленскийге демеушілік жасайтыны хабарланған болатын. Forbes оның байлығын 2022 жылдың 27 желтоқсанында 850 миллион долларға бағалады. Өткен жылы Коломойский ел президентінің бұйрығымен Украина азаматтығынан айырылған болатын.

Тегтер: