Киев: Украина 100 млрд доллар әскери көмек алды
2022 жылғы ақпанның аяғынан бері халықаралық әріптестер Украинаға 100 млрд долларға жуық әскери көмек берді.
Украин қорғаныс министрі Алексей Резников қызметтен кетер алдын «Укринформ» агенттігіне сұқбатында осындай мәлімет айтты.
Резниковтың мәлімдеуінше, көмектің жартысынан астамын, шамамен 60 миллиард долларын, Құрама Штаттар берген.
Centralasian.org хабарлағандай, Батыс саясаткерлері Украинаға әскери көмек беруді тоқтатпау қажеттігін айтып жатыр. Киев Батыс елдерінен қарудың жаңа түрлерін, соның ішінде ұшақтар мен орта қашықтыққа арналған зымырандар сұрап отыр. Алайда сарапшылардың кейбірі Киев биыл жаздағы қарымта шабуылда айтарлықтай нәтиже шығармаса, әскери көмек азаюы мүмкін екенін ескерткен.
Украина одақтастарының көмегі Ресей армиясының шығынан екі есе асып түседі. Ресейдің әскери бюджеті – шамамен 43,5 миллиард доллар.