Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:00

Қырғызстан парламентінің комитеті ҰҚМК-ның жаңа төрағасы кандидатурасын мақұлдады

П
Фото: ашық дереккөз

2026 жылғы 16 ақпанда Қырғызстан Жогорку Кеңешінің Халықаралық істер, қорғаныс, қауіпсіздік және көші-қон комитеті Жұмгалбек Шабданбековтің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы қызметіне кандидатурасын қолдады.

Кандидат туралы ақпаратты Қырғызстан президенті мен Министрлер кабинетінің Жогорку Кеңештегі уәкілетті өкілі Бектур Зулпиев таныстырды.

Комитет Жұмгалбек Шабданбековті Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындауға келісім беру туралы мәселені мақұлдап, оны Жогорку Кеңештің қарауына жіберді.

Еске салсақ, өткен аптада Камчыбек Ташиев Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – ҰҚМК төрағасы қызметінен босатылған болатын. ҰҚМК басшысы ауысқаннан кейін төрағаның үш орынбасары да қызметінен босатылды.

Кейін Қырғызстан президенті кадрлық шешімдерге қатысты түсініктеме берген еді.