Live

СҚО-да ер адам пышақ жарақатынан қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласында ер адам кеуде тұсына тиген пышақ жарақатынан көз жұмды.

жедел жәрдем

Полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

Оқиға 16 ақпанда жеке үйлердің бірінде болған. Екі ер адам арасында жанжал туындап, олардың бірі екіншісін пышақтаған. Ол оқиға орнында қайтыс болды. Күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

7152.kz порталының мәліметінше, қайғылы жағдай шамамен сағат 13:00-де Садовая көшесіндегі жеке үйде болған. Расталмаған ақпарат бойынша, қаза тапқан азамат 55 жаста болған.

аламын.

Тегтер: қылмыс
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз