Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:57

“Қызымды қорғадым”: Қазақмыс қызметкері 8 жасар баласын не үшін азаптаған?

Балқаш
Фото: БАҚ

Балқаш тұрғыны “Қазмыс” АҚ қызметкері Алмас Басымбековты 8 жасар ұлын қатыгездікпен ұрып-соғып, азаптады деп айыптады. 

Баланың анасының айтуынша, ер адам баланың саусақтарын сындырған, басынан ұрып, денесін күйдірген.

– Екі баланың әкесі кішкентай балаға өз бетінше “жаза” қолданған. Мұндай әрекеттер заң алдында қатал жауапкершілікке тартылуы тиіс, - деді жәбірленуші әйел.

Ол күдіктінің полиция және медицина қызметкерлерімен байланысы бар болуы мүмкін деп қауіптенеді. Сол себепті істің әділ тергелуіне сенімсіздік білдіріп отыр. Әйел әзірге барлық мәліметті жариялаудан бас тартқанымен, жақын арада адвокатымен бірге ресми мәлімдеме жасайтынын жеткізді.

Балқаш
Фото: әл.желі

Қарағанды облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және тергеу жүріп жатқанын растады.

"Тергеу полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Қылмыстық іс аясында болған жағдайдың толық әрі объективті бейнесін анықтауға бағытталған барлық қажет тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Барлық мүмкін нұсқалар мен тараптардың уәждері тексерілуде. Кінәлілер заң аясында толық көлемде жауапқа тартылады. Қалған мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді", - делінген хабарламада. 

Балқаш
Фото: әл.желі

Күдікті Алмаз Басимбековтың әйелі өз шындығын айтты. 

"Біз бұл баланы алып кетуді өтінген жоқпыз. Біз жұмыс істеп, екі баламызды асырап жатқанымызға қарамастан, оны бізге демалысқа анасы өзі жіберді", - дейді әйел.

Оқиға шілде айының соңында әйел жұмысқа кеткен кезде орын алған. Оның айтуынша, күйеуі түскі астан кейін 8 жастағы жиені мен 4 жасар қызын планшет көруге жіберіп, өзі бір жастағы ұлын ұйықтатуға кеткен. Біраз уақыттан кейін балалар отырған бөлмеге кіргенде, күйеуі жерде ішкиімі шешулі жатқан қызын, үстінде жиен баланы көріп қалған. Осы көріністен соң ол ашуға беріліп, баланы ұрып-соққан.

Әйел жұрт арасында тараған саусақ сындыру, денесін күйдіру, монета жұтқызу сияқты айыптауларды да жоққа шығарды:

«Монетаны ол далада ойнап жүргенде жұтып қойған. Біз оны тек келесі күні білдік. Ал күйік пен сынған саусақтар — жала. Қолын қағып жіберуі мүмкін, бірақ әдейі азаптаған жоқ», - дейді ол.

Қазір Алмас Басымбеков тергеу изоляторында отыр. Отбасы сараптама нәтижелерін күтіп, сотқа дайындалып жатыр.

Ал осы оқиғаға қатысты пікір білдірген "Қазақмыс" компаниясы тергеуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.

"Компания кез келген зорлық-зомбылық түріне қарсы. Мұндай әрекеттерге мүлде жол беруге болмайды деп санайды. Егер қызметкердің кінәсі дәлелденсе, ол заң аясында жауапқа тартылады", - деді "Қазахмыс" компаниясының баспасөз қызметі.