Локдаун барысында экономикаға берілген нокдаун
Қазақстанда шілдеде басталған екінші қатаңлокдаун кезінде ел бойынша 830 мың бизнес жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.
Бұлтуралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының біріншіорынбасары Эльдар Жұмағазиев мәлім етті. «Карантин кезінде 830 мың бизнес жұмысын тоқтатты. Шамамен 1,3 млн адамжұмыссыз қалды. Енді 17 тамыздан бастап олардың көбі жұмысын бастамақ. Олүшін «Атамекен» палатасы «Инфоқазақстан.кз» сайтын ашты. Жұмысын бастағысыкелетін бизнес иелері осы сайтқа тіркеліп, рұқсат қағаз ала алады», – деді ЭльдарЖұмағазиев.
Оның айтуынша, соңғы үш апта бойыншамемлекеттік комиссия өкілдері мен бас санитар дәрігер бизнес нысандарыныңашылуына қашан рұқсат беру керек деген мәселені талқылаған. Талқылаунәтижесінде олардың жұмыс істейтін алгоритмі белгіленіп, 17 тамыздан бастапкезең-кезеңімен рұқсат алған нысандарды ашу жоспарланып отыр.
Жалпы, отандық сарапшыларқазір елдегі бизнестің «шықпа, жаным, шықпа» деп отырғанын жиі қаузап жүр.Сарапшылардың пайымынша, биыл 1998жылдан бері алғаш рет ЖІӨ өсудің орнына қатты төмендеген. Халықаралық валютақоры Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2020 жылы -2,5 пайыз болады депжорамалдайды. Ал 2019жылы ол 4,5 пайызға өскен болатын. Қазір дүниежүзінде мұнайға дегенсұраныс тәулігіне 9,3 млн баррельге дейін азайды. Бір ғана сәуір айында мұнайғасұраныс тәулігіне 29 млн баррельге дейін төмендеді. Коронавирустың кесіріжәне мұнай бағасының төмендеуі отандықэкономикаға қатты күш салып тұр. Тығырықтан шығу үшін мемлекет қазірдіңөзінде Ұлттық қордың 20пайызына қол салды. Бұған шетелден алынатын қарызды қоссақ, расымен де,алда үлкен ауыртпалық күтіп тұрғанын аңғарамыз.
Саламамандары бұл тығырықтан бізді ашықтырмай алып шығатын ауыл шаруашылығы екеніналға тартуда. Дегенмен соңғы кезде осы саланың да қатты қожырап тұрғаныкөңілді алаңдатпай қоймайды. Мемлекетімізде ең көлемді ауылшаруашылық жері жәнемал өсіруге ыңғайлы орта бола тұра, біз ауыл шаруашылығының бабын келістіреалмай-ақ қойдық. Агроөнім өндіруде ісіміз алға басып, аса бір оза шауып кеткентұсымыз көрінбейді. Қазақстан халқы ауылшаруашылық өнімдерін тұтынып жүргенжоқ, шетелдік сатып алып, ұтылып жүр. Осындай жағдайда қайтпек керек?!
Негізінде, карантиндікжағдай басталғалы біршама кәсіпкерлер мемлекеттік қолдауды сезіне алмай, тіптібанкроттық жағдайға жетудің алдында екенін біз жақсы білеміз. Бұғанқатысты «Жас Алашқа» мәлімет берген бірінші кредиттік бюроның дерегінше,сұлулық салон иелері, қызмет көрсету саласындағы жұмысшылар, сауналар менмассаж салондары қазірдің өзінде қарызға белшеден батқан. Пандемия кезіндекәсіпкерлердің төлемеген қарызы 147 миллион теңгеге жеткен. «Карантин кезіндекәсіпкерлердің несиесі кешірілді. Бірақ олар алдағы қазан айынан бастапнесиелерін төлеуге кірісулері керек. Олардың көпшілігі сәуір, мамыр айларынанбастап бизнестері мүлде жүрмегенін, табыстары жоқ екенін айтып, несиені қалайтөлейтіндерін білмей отыр. Бұл жағдай бірқатар кәсіпкердің ісін тоқыратыпжібергені анық», – дейді банк секторының маманы Жасұлан Серғалиев.
Осылайша кәсіпкерлерді қарыз қатты қысыптұрғанын алға тартқан мамандар болашақта шағын бизнеске қолдау керектігінайтуда. Тіпті мемлекет бөлген субсидияға тек ірі кәсіпкерлердің қолы жетіп,шағын бизнес тағы да шөміштен қағылып жатқанын алға тартқан мамандар «үкіметмұндай тәсілмен экономиканы шырмаудан шығара алмайды» деседі.
Экономиканы құтқаруға қатысты Дүниежүзілікбанктің болжамы да көңіл көншітпей тұр. Аталмыш банктің президенті Дэвид Мэлпастың пайымдауынша, пандемия салдарынанәлемде 60 миллионнан астам адам жұмыс таппай сенделіп қалуы мүмкін. ТіптіҚазақстан тәрізді елдерде әрбір екінші адам жұмыссыз қалуы ықтимал. Мэлпас бұғанқатысты әрбір ел экономикалық өсімге жеткісі келсе, алдымен отандық бизнесінқолдауы керегін баса айтып отыр.
Абзалында, мамандарқиындықтан, жоқшылықтан, тіпті халықты аштықтан құтқаратын өзімізде өндірілетінөнім екенін айтып, дабыл қаққалы біраз болды. Бұған қоса, сала мамандары алдағыуақытта үкімет экономикалық заңдылыққамән беру керегін ескертіп отыр. Нарық заңы бойынша, халықтың қолында қаражатжоқ болса, экономиканың да болашағы бұлыңғыр деген сөз. Экономикадағы үлкенпроблема – жиынтық сұраныстың түсіп кетуі. Халықтың қолында қаражат жоқболғандықтан, қандай да бір тауарды алғысыкелсе де, сатып ала алмайды. «Сондықтан үкімет болашақта табыссыз қалғандардыңқолына қаражат ұстату жағын мықтап қолға алуы керек» дейді мамандар.
Тақырыпқа тұздық
Осы мәселеге қатысты «Жас Алашқа» пікір білдірген экономист-ғалым, GSB UIBдиректорының орынбасары Мақсат Халық былай дейді:
– Қазіргі таңда бизнес өте қиын жағдайдатұр. Кәсіпкерлерде ешқандай табыс жоқ. Жеке кәсіпкердің мойнында нысанды жалдауқұны, несиесі, жұмысшыларының жалақысы бар. Осының барлығын олардың көпшілігі төлейалмай отыр. Қанша жерден «шағын бизнестің кредитіне каникул жарияланды»дегенмен, қазір түсім азайды. Мұның артында жаппай жұмыссыздық мәселесі тұр.Қазір біз үшін ең маңыздысы – отандық бизнесті қолдау. Экономиканы тығырықтаншығаратын отандық бизнесті мүжудің мәні жоқ. Сын сағатта халық та, шағын бизнесте мемлекеттік қолдауды сезінуі тиіс.
ҚарлығашСАЙЛАУБАЕВА