Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:18, 24 Қараша 2023

«Медреселерде 12 жастағы қыздарды жыныстық қатынасқа итермелейді» - ҚМДБ жауап берді

ҚМДБ
Фото: из открытых источников

Әлеуметтік желіде "Медреселерде 12 жастағы қыздарды жыныстық қатынасқа итермелейді" деген мәтінде пікір тарады. Бұл ақпараттың мән-жайына қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл жалған ақпарат екенін мәлімдейді, – деді ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы.

Қонарбайұлы мәлімдегендей, ҚМДБ-ға қарасты медресе-колледждер тек 15 жасқа толған қыздарды ғана оқуға қабылдайды, әрі жалған ақпараттарға сенбеуге шақырады. 

«Мұндай жалған мәліметке сенбеуге шақырамыз және халықты білместікпен теріс ақпарат таратпауға үндейміз», – деді ол.