Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:03, 24 Шілде 2020

Мегаполистегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы ТимирханВарзиловтың мәлімдеуінше, мегаполисте эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Науқастарға қажетті медициналық көмек берілуде.

— Ауырдәрежедегі науқастар үшін инфекциялық стационарларда 60 реанимациялықтөсек-орын, провизорлық стационарларда 91 төсек-орын бар. Сондай-ақ қаладағыемханаларда қосымша 628 төсек-орын күндізгі стационар ұйымдастырылған.Шымкентте 2020 жылдың 1 қаңтар мен 17 шілде аралығында пневмонияның 11035жағдайы тіркеліп, оның ішінде 8944 науқас емделді. Бұл ретте қаланыңмедициналық мекемелерінде бүгінгі күні 339 өкпені жасанды желдету аппараты(ИВЛ), 673 «Бобров» тыныс алу аппараттары қолданылады. Қосымша 2ауруханада оттегі станциясын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бір айішінде тағы 3 аурухана қосылады. 2020 жылғы 17 шілдедегі жағдай бойынша тесттерқоры – 12456, бір күндік 609 ПТР (полемеразды тізбекті реакция) өткізілген, — деді Т. Варзилов.

Сондай-ақбрифингте Шымкентке арнайы тәжірибе алмасу мақсатында келген ресейлік жоғары дәрежелі реаниматолог Д.Цветковжергілікті дәрігерлердің коронавирусқа қарсы атқарып жатқан жұмыстарына оңбағасын берді.

Тегтер: