Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру шараларын пысықтауға арналған курстар

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің #ONLAIN-da bol жобасыаясында Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» Қазақстан Республикасында Мемлекеттіктіл саясатын іске асырудың 2020
2025 жылдарға арналған мемлекеттікбағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін орындау үшін өңірлік тілдерді дамытубасқармаларының басшылары, тілдерді оқыту орталықтарының директорларынаарналған «Мемлекеттік тілді жетілдіру»тақырыбында онлайн курстарын өткізеді.
Онлайн курстар 13-17 сәуір аралығындаөтеді. Бес күнге жоспарланған онлайн
курстарда келесі мәселелер ортағасалынады:
— қазақ терминдерін қалыптастыру, сараптамаданөткізу, қазіргі ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланып терминдернұсқаларын талқылауға қашықтан қатысу, қолданысқа енгізу;
— белгілі бір себептермен қазақ тілін меңгермегенересек азаматтарды қазақ тілін оқыту үдерісінде қазақ тілін меңгеру деңгейлерінбағалаудың ҚАЗТЕСТ жүйесін пайдаланудағы жаңалықтар, өзгерістер мен қолданысқаенгізу мәселелері;
— қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруүдерісінің ғылыми негіздемелері мен ғылыми-ұйымдастырушылық міндеттерін іскеасыру жолдары, Орфографиялық жұмыс тобының шешімдері;
— Қазақстан Республикасында Мемлекеттік тілсаясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыныңмақсаттары мен міндеттерін өңірлерде іске асырудағы негізгі индикаторлартүсіндірмесі, индикаторларға қол жеткізу жолдары, латын графикасына көшуүдерісі, жаңа бағдарламадағы басымдықтар;
- Қазақ тілін үйренуге ынталы азаматтарғақазақ тілін оқытуда машиналық оқыту немесе жасанды интеллект технологиясыарқылы тілді үйретуге арналған жаңа порталды пайдалану жолдары, портал арқылыбірегей жүйе қалыптастыру тетігі, қазақ тілін үйренуге тиімді технологиялар.
Курстар барысында тыңдаушылар жаңа мемлекеттікбағдарламаның міндеттерін өңірлерде іске асыру бойынша өзекті сұрақтардыңжауабын алады. Сонымен қатар, күнделікті тұрмыста, әлеуметтік салаларда қазақтілінің қолданыс аясын кеңейту тетіктерін жетілдіру жолдарымен танысады.
Курс Facebook әлеметтік желісінің ONLINE-da bolпарақшасында әр күн сайын 11:00-12:00 аралығында тікелей эфирде жүргізіледі.
Еске сала кетейік, «Тіл-Қазына» ұлттықғылыми-практикалық орталығы 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында өңірлік тілдердіоқыту орталықтарының әдіскерлері, оқытушылары, магистранттар мен докторанттарғаарналған «Мемлекеттік тілді оқытуәдістемесі»тақырыбында 10 күндік онлайн курстар өткізген еді. Кезектіонлайн курстар осы дәстүрдің жалғасы іспетті болғалы тұр.
drive.google.com/open?id=1XOnU_kqw0gu24ae0… сілтемесі арқылы онлайн курстың бағдарамасынжүктеуге болады.