Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:49, 19 Тамыз 2024

Мирзиеев Қарақалпақстанда 10 жел электр станциясы салынатынын айтты

d
Фото: Өзбекстан президентінің баспасөз хатшылығы

Өзбекстан президенті Қарақалпақстанда екі жел электр станциясының құрылысын бастады.

Президент Шавкат Мирзиеев екі жел электр стансасы мен жел генераторларының бөлшектері мен жылыту радиаторларын шығаратын кәсіпорындардың құрылысын бастау рәсіміне қатысты. Ол 2030 жылға қарай Қарақалпақстанда жалпы қуаты 10,3 ГВт болатын 10 жел электр станциясын салу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Соңғы жылдары $2 млрд инвестиция арқылы қуаттылығы 2,6 ГВт болатын 10 күн және жел станциясы іске қосылды. Жыл соңына дейін желіге қосымша 1,5 ГВт қуат қосылады, «жасыл» энергия үлесі 15%-ға дейін ұлғайтылады.

Сонымен қатар, жалпы құны 19 млрд доллар және 18,6 гигаватт болатын 32 «жасыл» жоба жүзеге асырылуда.

Президент бұл орайда Қарақалпақстанның рөлі зор екенін атап өтті. Ғылыми-зерттеу институттары Қарақалпақстанның 680 ГВт күн және 120 ГВт жел энергиясы әлеуеті бар деп есептейді.

2030 жылға қарай Қарақалпақстанда 11 миллиард долларлық тікелей инвестиция есебінен жалпы қуаты 10,3 ГВт болатын 10 ірі жел электр станциясын салу жоспарлануда. Бұл жобалар толық іске қосылғаннан кейін жылына 35 миллиард киловатт-сағат жасыл энергия өндіретін болады, деп жазады gazeta.uz басылымы.

Электр энергиясын тасымалдаудағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Кунград, Беруний және Караузяк облыстарында жалпы қуаты 400 МВт үш электр сақтау жүйесі салынбақ.

Тегтер: