Мобильді топтар 15 мың науқасқа қызмет көрсетті

Шымкент қаласындажедел жәрдем қызметінен бөлек мобильдік топ тәулік бойы қызмет көрсетіп келеді.
Емханаларжанынан құрылған 58 мобильді топ бүгінгі күнге дейін 15000 науқасқа үйгеарналған медициналық көмек көрсеткен. Бұл туралы бастапқы медициналықсанитарлық көмек көрсету тобының жетекшісі, №5 емхананың бас дәрігері Жібек Сейдалинамәлім етті.
Мобильді топ жетекшісінің айтуынша,шақыртулардың басым бөлігі салқын тию, дене қызуының көтерлуі, құрғақ жөтелгебайланысты болған.– Екі ауысыммен жұмыс істейтін медицина мамандары бір күнде 15-тен астамнауқасты қарайды және телефон арқылы кеңестер береді. Дәрігерлер пациенттіңүйіне барысымен дене қызуын өлшеп, тамағын қарап, өкпесін тыңдайды. Егернауқастың жағдайы ауыр халде болса, кезекші ауруханаға жеткізеді. Соныменбірге, мобилді бригада қызметімен диспансерлік есепте тұратын 38 556 азаматқадәрі-дәрмек үйлеріне жеткізілді,-деді Жібек Сейдалина.
Бұдан бөлек, мобильді бригада диспансерлікесепте тұрған 474 444 азаматқа қоңырау шалып, жұқпалы аурудың алдын алу бойыншакеңестер берді. Атқарылған жұмыстар қаладағы эпидемиологиялық жағдайдыңжақсаруына өз әсерін тигізген.