Молдовадағы президенттік сайлауда қазіргі президент Майя Санду алда келеді
Молдовада президент сайлауы мен Еуро Одаққа кіру туралы референдум өтті.
Молдова Республикасында өткен президенттік сайлауда бюллетеньдердің 87 пайыздан астамы өңделіп, қазіргі мемлекет басшысы Майя Санду алда келеді. Оған сайлаушылардың 37 пайыздан астамы дауыс берді. Екінші орында - Александр Стояногло. Ол 29% дауысқа ие. Үшінші орын 14%-дан сәл ғана аз көрсеткішпен Ренато Усатииге бұйырды.
Елдің Еуропалық Одаққа қосылуы туралы референдумда бюллетеньдердің 88%-ға жуығы өңделді. Сайлаушылардың 46%-ы елдің ЕО-ға кіруін қолдап, 54%-ға жуығы қарсы дауыс берді.
Сайлау мен референдумға бір жарым миллионнан астам азамат дауыс берді. Дауыс берушілер 50 пайыздан асты.
Президенттікке 11 саясаткер, оның ішінде Майя Санду да барды. Ол елдің батысшыл бағытын жақтайды және Еуропалық Одаққа қосылуды қолдайды.