Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:00, 25 Шілде 2020

Мұрат Әйтенов бос сөзден нақты іске көшуді тапсырды

 

Шымкентқаласының әкімі Мұрат Әйтенов коммуналдық қызметтердің жұмысын қатаң сынғаалып, тиісті басшылардан бұл салада тәртіп орнатуды талап етті.

 

Шымкент аумағына қоқыс контейнерлерін орнату бойыншаөткен жиында қала басшысы тұрғындар тарапынан қоқысты жинау жұмыстарына  деген наразылығы көп екенін айтты.

«Қаланы аралау барысында коммуналдық қызметтер жұмысыныңөте нашар жүргізілетінін көріп жүрмін. Көптеген қоқыс алаңшаларына санитарлықтазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілмейді. Ал аялдамалар мен көше бойындағықоқыс жәшіктері үнемі толып тұрады. Бұл аудан әкімдігі тарапынан бақылаудың жоқ екенін аңғартады»,-деді қалаәкімі.

Мұрат Әйтенов аудан әкімдері мен энергетика жәнекоммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н.Жаманкөзгеқоқыс жәшіктерін орнату жұмыстары кешеуілдеп жатқандығы туралы ескерту беріп,бос сөзден нақты іске көшуді тапсырды. 

Тегтер: