Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:30

«Назарбаев, кет!» ұранының авторы Ермек Нарымбай ұсталды

 Ермек Нарымбай

Саясаткер әрі азаматтық белсенді, «Назарбаев, кет!» ұранының авторы ретінде танылған Ермек Нарымбайдың ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Бұл жөнінде КазТАГ журналист Лұқпан Ахмедьяровқа сілтеме жасап хабарлады.

Журналистің айтуынша, Ермек Нарымбай Қырғызстан аумағында қонақта жүрген кезінде ұсталып, сот шешімінсіз Қазақстанға депортацияланған. Ахмедьяровтың мәлімдеуінше, қылмыстық істі Қазақстан полициясы қозғаған. Іс сот үкіміне бағынбау дерегі бойынша тіркелген, ал аталған үкім белсендінің әлеуметтік желілерде ақпарат жариялауына тыйым салған көрінеді.

«Қазір Ермек Астана қаласында, полиция департаментінде отыр», - деп жазды журналист сәрсенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар, КазТАГ редакциясы оқиғаның мән-жайын нақтылау үшін Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне ресми сауал жолдағанын хабарлады.