Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:30

Назарбаевтың бұрынғы келіні Гүлмира Сатыбалды тағы да күдікті деп танылды

Гүлмира Сатыбалды
Фото: ашық дереккөз

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды тағы бір қылмыстық іске күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Гүлмира Сатыбалды мен басқа да тұлғаларға қатысты Vostochka көпфункционалды тұрғын үй кешенінің құрылысы барысында заңсыз әрекеттер жасау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Еске салайық, 6 қаңтарда апелляция соты Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырған болатын. Оған 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Гүлмира Сатыбалды қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша (126-бап - заңсыз бас бостандығынан айыру, 194-бап – аса ірі мөлшерде бопсалау, 389-бап – өзінше билік ету) айыпталған.