Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 08:50

Норвегия кенішіндегі апат кесірінен мұнай қымбаттады

1
Фото: из открытых источников

Стандартты сұрыптағы мұнайдың әлемдік бағасы өсті.

Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің бағасы Астана уақытымен 08:20-дағы жағдай бойынша барреліне 73,35 долларға дейін көтеріліп, 3,25 пайызға өсті.

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 3,10 пайызға өсіп, барреліне 69,10 долларға жетті.

Сарапшылардың пікірінше, баға белгілеудің өсуіне норвегиялық мұнай кенішіндегі апат ықпал етті. Бұған дейін Норвегияның Equinor компаниясы Батыс Еуропадағы ең ірі Йохан Свердруп мұнай кенішінде құрлықтағы электр қуатының үзілуіне байланысты өндірісті тоқтатқанын хабарлады. Өндірісті қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, бірақ оның қашан қайта басталатыны белгісіз.

Баға Қазақстанның ең ірі мұнай кеніші – Теңізде мұнай өндірудің қысқаруы туралы хабарландыруға да әсер етті.

Ал, Қазақстанда доллар бағамы алғаш рет 500 теңгеге жетті. Қазақстандық экономистер ұлттық валютаның әлсіреу себептері мен қазіргі жағдайда Ұлттық банктің рөлін түсіндірді.

Тегтер: