Орфографиялық жұмыс тобының кеңейтілген онлайн отырысы өткізді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясатыкомитетінің ұйымдастыруымен 2020 жылғы 15 сәуірде Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының кеңейтілген республикалық онлайн отырысы өткізілді.
Бұл республикалық онлайншараға Ұлттықкомиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының мүшелері және еліміздегі жоғарыоқу орындарының ғалымдары да қатысты.
Онлайн шараның мақсаты –әліпбиді жетілдіруге байланысты ғалымдардың ұсыныстарын ортаға салу, пікіралмасу. Оның ішінде кейбір дыбыстардың таңбалануын ғылыми тұрғыдан пысықтау.
Онлайн барысында жетілдірілгенәліпби құрамындағы /у /ı / і / таңбаларының ы, і және й дыбыстарының мәнін берудегідыбыстық мазмұны талқыланды, ы мен і дыбысын таңбалауда әріптердің тұрқы ұқсасболуы керек деген пікірлер мен й дыбысы үшін y таңбасы алынғаны дұрыс дегенуәждер ғылыми талқының негізі болды. Сонымен бірге отырыста жоғарыда аталғантаңбалардың дыбыстық мазмұны жеке және өзара сабақтастықта талданып, ғалымдартарапынан нақты пікірлер мен ұсыныстар айтылды.
Осы онлайн шарадағы пікірлер мен ұсыныстар бойынша алдағы уақытта сараптаужұмыстары жүргізілетін болады.