Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:40, 09 Сәуір 2024

Отбасындағы ұрып-соғу жағдайлары енді Қылмыстық кодекспен қарастырылады

а
Фото: из открытых источников

ҚР Сенаты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жазаны күшейту туралы заң жобасын қарап жатыр. Бұл туралы qazaqstan.tv хабарлады.

Құжатқа сәйкес, отбасындағы ұрып-соғу жағдайлары енді әкімшілік жауапкершілікпен емес, Қылмыстық кодекспен қарастырылады. Ал іс қозғау үшін жәбірленушінің арызы қажет емес.  Полиция қызметкері әлеуметтік желідегі, ақпарат құралдарындағы дәлелді сүйеніп тергеу жүргізе алады.

Сонымен бірге, заң жобасында агрессорды тәртіпке салу нормалары қамтылған. Оны өз отбасынан 1 айға бөлектеп, жағдай ушықса 3 айдан 1 жылға дейін байланысуына тыйым салынуы мүмкін.

Балалардың қауіпсіздігі мен құқығы да ерекше назар алынған. Жазғы лагерьлер мен балалар үйі кез келген уақытта ескертусіз тексерілмек. Ал педофилдер өмір бойы түрмеге тоғытылады. Заң жобасы 11 сәуір күні Сенаттың жалпы отырысында талқыланады. Депутаттар қызу пікірталас тудырған құжат бойынша бірқатар кездесу өткізген. Жүздеген өтініш қаралды.

Сенатқа бұл заң 3 аптадан аса келіп түсті. Содан бері біз 16-дан астам жұмыс топтарын өткіздік. Қоғамдық белсенділермен, эксперттермен кездестік. Әріптестермен талқыладық. Қоғам осы заңға үміттеніп отыр. Өзімнің жеке пікірім бұл заң қабылдануы тиіс, деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанна Асанова qazaqstan.tv-ға.

Фото: baigenews.kz