«ПетроҚазақстан» дәрігерлерге көмек көрсетті

«ПетроҚазақстанОйл Продактс» ЖШС мен «Шымкент –қайырымды қала» әлеуметтік қорымен бірлесе Covid-19 инфекциясымен күрестіңалдыңғы сапында жүрген медициналық ұйымға гуманитарлық көмек көрсетті.
Аталмыш компания өкілдері № 2 қалалық ауруханаға қарастыпровизорлық станционарға 10 мың медициналық бетперде мен 1000 қорғанышкастюмдерін тарту етті. Жұқпалы індетпен күресте ерен еңбек етіп жүргендәрігерлерге алғысын білдіргенсеріктестік өкілі Ринат Ақбердиев компания тарапынан алдағы уақытта тағы да қолдау болатынынжеткізді.
Айта кетейік, бүгінде қаладағы провизорлық орталықтарда 3610 төсек-орын болса, оның 260-сы осы №2қалалық аурханаға қарасты. Бүгінгі таңда мұнда 200 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл орталық қажетті дәрі-дәрмектер мен тыныс алу қондырғыларыментолық қамтылған. Қала әкімдігі тарапынан провизорлық станционарға қосымша 6 ИВЛаппараты жеткізілген болатын.