Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:50

Польша билігі өз азаматтарын Ресейден кетуге шақырды

Польша
Фото: picture-alliance/RIA Novosti/A. Stenin

Польша Сыртқы істер министрлігі Ресейде жүрген поляк азаматтарына консулдық көмек көрсету мүмкіндігі шектелуі мүмкін екенін ескертті.

Осыған байланысты Ресей аумағында жүрген поляктарға елден кету ұсынылды.

Польша СІМ 16 ақпан, дүйсенбі күні жариялаған ресми хабарламада Украинадағы соғыс жалғасып жатқанын және Ресей билігінің Польшаны ресми түрде «достыққа жат мемлекет» деп жариялағанын ескеріп, Польша азаматтарына Ресейге кез келген сапардан бас тартуға кеңес берілді.

Сондай-ақ Ресейде жүрген поляктарға «жеке, отбасылық немесе кәсіби жағдайлар қалуды талап етпесе, қолжетімді коммерциялық және жеке көлік құралдарымен ел аумағынан кету» ұсынылды.

Құжатта Ресейдегі поляк азаматтарына консулдық көмек көрсету мүмкіндігі барған сайын шектеліп бара жатқаны атап өтілген. Бұл Ресей билігінің Польша консулдықтарын Санкт-Петербург пен Калининградта жабу туралы шешімдеріне байланысты. Соның салдарынан дипломатиялық және консулдық қызметкерлер саны қысқарған.

«Қауіпсіздік жағдайы күрт нашарлаған, шекаралар жабылған немесе басқа да күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда эвакуация айтарлықтай қиындауы немесе тіпті мүмкін болмауы мүмкін», – деп ескертті министрлік.

Польша мен Ресейде енді бас консулдықтар жоқ

Варшава мен Мәскеу 2024 жылдың күзінен бастап бір-бірінің консулдық мекемелерін өзара жаба бастады. Былтыр жылдың соңында Ресейдің Гданьскідегі консулдығы мен Польшаның Иркутскідегі консулдығы жабылды.

Нәтижесінде екі елде де бас консулдықтар қалмады. Қазір тек ел астаналарындағы елшіліктер ғана жұмыс істеп тұр.

Қатынастардың ушығуына не себеп болды?

Екіжақты қарым-қатынастың күрт нашарлауына Польшада ресейлік археолог Александр Бутягиннің ұсталуына байланысты жағдай да әсер етті. Ол Украина сұрауы бойынша, Қырым Ресей аннексиялағаннан кейін түбекте археологиялық қазба жұмыстарын жүргізгені үшін ұсталған.

Тегтер: