Президент Тоқаев Шавкат Рахмоновты UFC-дегі жеңісімен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмоновты UFC-дегі жеңісімен құттықтады.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмоновты UFC турнирінде ирландиялық Иэн Гэрриді жеңуімен құттықтады.
Еске сала кетейік, қазақстандық аралас жекпе-жек боксшысы Шавкат Рахмонов ирландиялық Иэн Мачадо Гарриге қарсы жекпе-жекте жеңіске жеткен болатын.
UFC 310 турнирінің негізгі кездесуі Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтті. 30 жастағы қазақстандық 19-шы жеңісіне қол жеткізіп, қарсыласы мансабында алғаш рет жеңілді.
Екі спортшы жартылай орта салмақтағы чемпионмен жекпе-жек өткізу мүмкіндігі үшін жұдырықтасты.
Бұған дейін екі спортшының гонарары белгілі болған еді. Рахмоновтың кепілдендірілген сыйақысы 350 мың доллар, қарсыласыГэрри 150 мың доллар алады. Жекпе-жектің жеңімпазына қосымша 100 мың доллар бонус беріледі. Бұдан бөлек билет сатылымдарынан отандасымыз 300 мың доллар, ирландия спортшысы 150 мың доллар алады. UFC демеушілерінен екі спортшыға тағы 6 мың доллардан қосымша сыйақы қарастырылған.