спорт

Шавкат Рахмонов ирландия спортшысын жеңді

Жеңіліп көрмеген қос UFC файтері – қазақстандық Шавкат Рахмонов пен Ирландия спортшысы Иэн Гэрри жекпе-жек өткізді.

Шавкат Рахманов

 Бес раундтың нәтижесі бойынша отандасымыз жеңіске жетті.

30 жастағы Шавкат пен (18-0) мен 27 жастағы ирландиялық (15-0) арасындағы кездесу Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-надағы UFC 310 нөмірлі турнирінің негізгі кездесуі болды. 

Екі спортшы жартылай орта салмақтағы чемпионмен жекпе-жек өткізу мүмкіндігі үшін жұдырықтасты.

Айта кетейік, бұған дейін екі спортшының гонарары белгілі болған еді. Рахмоновтың кепілдендірілген сыйақысы 350 мың доллар, қарсыласы Гэрри 150 мың доллар алады. Жекпе-жектің жеңімпазына қосымша 100 мың доллар бонус беріледі. Бұдан бөлек билет сатылымдарынан отандасымыз 300 мың доллар, ирландия спортшысы 150 мың доллар алады.  UFC демеушілерінен екі спортшыға тағы 6 мың доллардан қосымша сыйақы қарастырылған. 

Жангүл Есениязова
Жангүл Есениязова Жангүл Есениязова

Оқыңыз