Психолог адамдарға жаңа жылға дейін не істеп үлгеру керегін айтты

Жаңа жылдың алдындағы соңғы ай әрқашан сол жылдағы қалаған істерді, жеткен жетістіктерге қанағаттануды әрі болашақтан не күтетініңіз жайлы ойлауға итермелейді. Ал егер де жазған мақсаттарыңыз тек қағаз бетінде қалып кеткен болса, өмірді басқа қырынан өзгерту үшін желтоқсан айының барын ұмытпау қажет. Бұл жағдайда неден бастау керегін психолог-дәрігер айтты, деп жазды Zhasalash.kz.
Жаңа жылдың жақындауы әрқашан уақыттың қаншалықты жылдам өтіп жатқанын сезінуге мүмкіндік береді. Сағат тілі ауысқан сәттен бастап адамдар жұмыс орнын ауыстыруға бел буса, біреулер арықтауға, енді біреулері көлік сатып алуға өзіне уәде берген. Дегенмен, бір жыл өтті, кейбір жоспарлар жоспар деңгейінде қалды. Орындалмаған уәделер мен орындалмаған үміттердің артында көбісі түңіліп, тіпті депрессияға ұшырайды. Уәде берді, бірақ орындамады. Алайда, түңілуге әлі ерте. Желтоқсан айында осы істерді жасауға үлгеріп қалған абзал.
Кішкене кідіріп, өмірден ләззат алыңыз
Кез келген адам үшін ең керемет дағдылардың бірі ләззат алудың және қазіргі уақытпен өмір сүрудің маңыздылығына баса назар аудару. Біз жиі бір жерге жетуге ұмтыламыз, өз алдымызға биік мақсаттар қоямыз және оған қол жеткізе алмаған кезде көңіліміз қалып қояды.
Тайм-аут алу
Үнемі алға жүгірудің орнына, өзіңізге де бір уақыт бөлу керек. Бұл күнделікті іс-әрекеттерге арналған үзіліс емес, өзіңізге және сіздің қалауыңызға арналған күн. Бұл сізге массаж, саябақ, кітапхана секілді талғамыңызға сай орындарға барып және босаңсытатын нәрсені таңдау керек дегенді білдіреді. Маңызды мәселе - ішкі наразылықты болдырмау және өмірдің әрбір сәтінен ләззат алу үшін өміріңізде «керек» ұғымынан бас тарту.
Эмоцияларды сезіну
Адамдар көбінесе өзінің эмоциясын жасырын ұстағанды жөн көреді. Алайда психолог Александра Борисевич өз эмоцияларыңызды тыңдауға және оларды тұншықтырмауға кеңес береді. Адамның ішінде жасырылған жағымсыз эмоциялар жиналып, ақырында жарылысқа, тіпті депрессияға әкелуі мүмкін. Ашу, реніш және кінә сезімдерімен саналы түрде күресу ұсынылады. Бұл үшін құрал ретінде жағдайларды және оларға эмоционалдық реакцияларыңызды көрсететін күнделік жүргізу ұсынылады. Бұл сіздің сезімдеріңізді көбірек білуге және олармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Сізге қажет емес нәрсенің бәрін өткенге қалдыру
Итальяндықтардың жақсы дәстүрі бар - қоңырау үнінен бірнеше минут бұрын олар үйдегі барлық қажет емес заттарды лақтырып тастайды. Осылайша, олар тек қоқыстардан ғана емес, сонымен бірге соңғы бір жылда жинақталған жағымсыз эмоциялардан да арылып, жаңа тәжірибелерге орын береді.
Александра Борисевич осылай істеуге кеңес береді. Кимейтін көйлек, қираған жиһаздарды да, жұмсақ ойыншықтарды да тастау керектігін айтты.
Естеліктер керемет. Алайда психолог, қазіргі сәтпен өмір сүруге кеңес берді. Жаңа нәрселерге, сатып алуға, эмоцияларыңызды сезінуге рұқсат бергеніңіз жөн. Өткенді ұстамаңыз, ол сіздің өміріңізге ешқандай әсер етпейді.
Бұл достық қарым-қатынаста да маңызды. Егер көңіл бөлмейтін, хабарласпайтын, сезімдеріңізге көңіл бөлмейтін, керек қана іздейтін адамдарыңыз болса, оларды өткенге қалдыру керек.
Ұзақ уақыт бойы батылдық жетпеген істі жасау
Психолог маман армандарыңыз бен тілектеріңізді ертеңге қалдырмай, дәл қазірден бастап жүзеге асыруға шақырады. Қиындықтарды жеңу үшін «Мен қалаймын...» тіркесін жазып, оны «Мен істей аламын» деп өзгерту ұсынылады. Мақсатқа өз бетінше жетудің маңыздылығын, ересектер балалар Аяз атаға сенетіндей емес, өз күшімен жете алатынына сену керек.
Жаңа жылды отбасылық мереке деп бекер айтпаған. Егер сіз өткен айларда ата-анаңызбен және басқа туыстарыңызбен кездесе алмасаңыз, 31 желтоқсан кездесуге және әңгімелесуге тамаша мүмкіндік. Шыршаны безендіру, үйді безендіру, мерекелік тағамдар дайындау, балалар кешіне бару. Әрбір отбасы мүшесімен бірге уақыт өткізуге тырысыңыз, сонда сіз ішіңізден жарық пен жылулықты қалай толтыратынын сезінесіз.
Іштегі баланы босату
Бұл тармақ ең жағымды сәттердің бірі болып табылады, өйткені оған сәйкес сіз жүрегіңіз қалаған нәрсені жасай аласыз. Бала кезіңізде не армандағаныңыз есіңізде ме? Аяз атадан қандай сыйлық сұрадың? Ішкі балаңызды босатыңыз және оны кішкентай қуаныштармен қуантыңыз. Көптеген тәттілерді сатып алыңыз, ештеңе істемеу күнін өткізіңіз, тамаша киім сатып алу үшін дүкенге барыңыз, мұз айдынына барыңыз.
Жақсы іс жасау
Қажетсіз нәрселеріңіз есіңізде болсын. Кішкентай киім-кешек пен аяқ киіміңізді қайырымдылыққа, оқыған кітаптарыңызды кітапханаға беруге болады. Базардың жанында отырған қарт әжеден бірнеше гүл шоғын сатып алыңыз немесе баланы емдеуге ақша жинап жатқан ата-ананың картасына қаржылай көмек көрсетіңіз.