Қайрат Сатыбалды: Жұмақта бірге болайық, ағайын

Ғаламторғаэкс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ туған інісі Сатыбалды ӘБІШҰЛЫНЫҢ атыберілген Ислам орталығының ашылу салтанатынан видео жарияланды.
Ол жерде ҚайратСАТЫБАЛДЫНЫҢ сөзі таспаланған.
«Мына жер үстінде Алланыңүйінен жоғары ешнәрсе жоқ. Сол себепті сіздерге де, бізге де бүгінгі той құттыболсын. Ислам ұлтқа, мемлекетке бөлмейді. Мына жерге түркі әлеміне аты шыққан Ердоған(Түркия президенті – ред) ағамның ұлы Біләл мырза, Рамзан Кадыровтың бауырыкеліп отыр… Мен құдай қаласа келесі жылы елуге келемін. Совет үкіметі құлағанкезде жиырмада болғанмын. Сол заманда «жаман үйдің қонағы билейді дегендей»,үлкен кісі билікті қолына алған кезде қазақтардың саны 37 пайыз болған. Қазірқұдайға шүкір, бейбітшілік, ақылды саясаттың арқасында қазақ 70 пайызға жетті.Сол заманда Қазақстанда 63 мешіт болған. Қазір аллаға шүкір 3,5 – 4 мыңға жуықмешіт бар. Қысқасын айтқанда, бұның барлығы бір Алланың бергені. Біз тек қанасебепшіміз, үлкен кісі ел үшін туып, елді жетелеген кісі… Бұрынғы бабаларымызайтқан екен, Аллаға зор құлшылық — патшаға, елге қызмет деп. Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз деп сасық әңгімеболмайық. Қазақты біріктіретін тек ислам. Мұсылманды мұсылманға жақындататынтек ислам. Намазда, оразада, бес парызда бірге болайық. Бұл дүниенің жақсылығынкөріп, жұмақта бірге болайық, ағайын» — депті Сатыбалды.
Бұдан бөлек, мешіттің ашылу салтанатында Сатыбалды ағайындыСмановтарды шақырып, өздерінің қалай танысқандарына қысқаша тоқталды.
2019 жылдың 29 қараша күні Сатыбалды ӘБІҰШҰЛЫ атындағыИслам орталығы Түркістан облысына қарасты Сарағаш қаласында ашылған еді. Олтуралы «Жас АЛАШ» жазған.
Сарағашта 300 мың адам тұрады. Ал жаңа Ислам орталығындабір мезетте 10 мың адам құлшылық ете алады. Қайрат Сатыбалдының айтуынша, бұлжаңа орталық Алматыдағы Нұр-Мүбәрәк жоғарғы оқу орнынан үлкен. БолашақтаТашкент қаласынан жұмаға осында келсе деген тілек те айтылды.
Бұған дейін Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевтың ата-анасы атында "Әбіш ата" мен "Әлжан ана" мешіттері ашылған. Алайда, ол кісілер дін қызметкері болмаған.
Фотолар ғаламтордан алынды.