Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:30, 12 Желтоқсан 2018

«Қайрат» - УЕФА... Боранбаев қайсысын таңдайды?

Қайрат Боранбаев Уефаның атқарушы комитетінің мүшелігіне тағы да кандидатурасын ұсынды.
Тағы да дейтініміз, ол бұған дейін (2017 жылы) де комитеттің 8 мүшесінің бірі болуға талаптанып көрген. Дегенмен, сайлау жақындағанда 13 адамның ішінен ұсынысын қайтып алған.2019 жылғы 7 ақпанда өтетін сайлауға 11 адам түсіп отыр. Оның бір орны қазірдің өзінде брондалып қойды деуге болады. Оның себебі мынады: Шарт бойынша 8 бос орынның ең болмағанда біреуі әйел адамға тиюі керек. Ал, бұл орынға жалғыз ғана кандидат – Ардуэн Флоранс (Франция). Демек, қалған 10 жігітке 7 орынды бөліске салуға тура келеді.Негізі, Қайрат Боранбаев УЕФА-ға бөтен емес. 2017 жылы кандидатурасын қайтып алғанымен, сол сайлауда УЕФА комитетінің Fair Play және әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі вице-президенті лауазымына тағайындалған.Биылғы 11 үміткердің 5-еуі комитетке бұрыннан мүше болғандар. Қайтадан дауысқа түсіп жатқандар оза ма, вице-президент оза ма, әлде жаңадан ұсынылғандар сайлана ма, оны келер жылдың 7 ақпанында Римде өтетін УЕФА-ның кезекті 43-ші конгресінде білетін боламыз.  Қайрат Боранбаев негізінен алматылық «Қайрат» футбол клубы бақылау кеңесінің төрағасы қызметін атқарады. 2017 жылы тура сайлау болатын күні кандидатурасын қайтып алған Боранбаев бұл әрекетін «Қайраттың» сол кездегі нашарлау ойындарымен түсіндірген. УЕФА-дағы қызметтен гөрі «Қайратқа» көбірек көңіл бөлу үшін осындай қадамға барғанын ескерткен. Биыл қалай боларын «Қайрат» командасының алдағы ойындары шеше ме, басқа жағдай шеше ме, екі айдан кейін белгілі болады.Фото: footballhd.kz
Тегтер: