Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:17, 04 Қыркүйек 2023

Қанат Бозымбаев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

None
None

Қанат Бозымбаев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды», — делінген құжатта.

Қанат Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. Үйленген, үш баласы бар. Білімі бойынша экономист. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Бозымбаев осы жылдар ішінде Алматы қаласы әкімінің көмекшісі (1993-1994), Экономика және сауда министрлігінің облыстық саясат басқармасының бастығы (1997), «ҚазТрансОйл» АҚ экономика мәселелері жөніндегі вице-президенті (1997-1998 ж.ж.) қызметтерін атқарды. 2016 жылы басшылыққа келгенге дейін Энергетика министрлігінде түрлі қызметтерді атқарған. Сонымен қатар, Бозымбаев Президенттің көмекшісі, Павлодар, Жамбыл және Алматы облыстарының әкімі болған. Қазақстандағы қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысын басқарды. 2022 жылдың маусымында қызметінен кетті.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі, «Құрмет» ордені (2005) және «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» медалі (2019) сияқты марапаттардың иегері.

Тегтер: