15:40, 04 Қыркүйек 2023
Қанат Шарлапаев Индустрия және құрылыс министрі болып тағайындалды
Қанат Шарлапаев Индустрия және құрылыс министрлігінің жаңа басшысы болып тағайындалды.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қанат Бисімбайұлы Шарлапаевтың кандидатурасы Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрі қызметіне тағайындауға келісілген.
«Қанат Бисімбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрі болып тағайындалсын», — делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (ИДМ) оны Көлік министрлігі мен Индустрия және құрылыс министрлігіне бөлу арқылы қайта құрылады. Бұрынғы басшысы Марат Қарабаев көлік министрі болып тағайындалды.