Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:02, 15 Сәуір 2020

Қазақ тілін білмейтіндердің, үйреніп жүргендердің тілді меңгеру деңгейін кім және қалай бағалайды?

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің #ONLAIN-da bol жобасы аясында Тілсаясаты комитетінің тапсырысымен «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына»ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» өңірлік тілдерді дамыту басқармаларыныңбасшылары, тілдерді оқыту орталықтарының директорлары, әдіскерлері,оқытушылары, магистранттар мен докторанттар үшін «Мемлекеттік тілді жетілдіру»тақырыбында онлайн курстары өткізуде.

Онлайн курстар 13-сәуірден басталды және 18-сәуірге дейін жалғасады.

Екінші күнгі курстың мазмұны – Азаматтардың мемлекеттік тіл – қазақ тілінмеңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ-ке арналды. ҚАЗТЕСТ жүйесі – қазақтілін қажетті көлемде меңгермеген, тілді үйреніп жүрген азаматтардың қазақтілін меңгеру деңгейін бағалаудың тетігі болып белгіленген. Бұл туралы 2018жылы 11 қыркүйекте ҚР Үкіметінің «ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту»тұжырымдамасы №835 қаулысымен бекітілген болатын. Сол жылдардан бері TOEFL,IELTS жүйелерінің отандық аналогы дамып, жетілдіріліп келеді. Түрлі әлеуметтіктоптарда байқау сынақтарынан өткізілді. Ғылыми жұмыс топтары шетелдіктәжірибелер принциптеріне сәйкес тапсырмалар сапасын жетілдіріп келеді.

Жыл сайын белгілі бір салаға ҚАЗТЕСТ-ті енгізу жұмыстары жүйелі жүргізіліп,айталық жұмысқа тұру барысында, іріктеу барысында қолдануға енгізіліп отырды.«Болашақ» халықаралық стипендиясы үміткерлерін іріктеу барысында міндетті біркезең ретінде белгіленді, яғни қазақ тілін білмейтін жас үміткерлер шет елдергеоқуға бара алмайды.

Тіл меңгеру деңгейін бағалау үдерісін зерттеу барысында қазақ тілін меңгерудеңгейлерінің талаптары тұңғыш рет ұлттық стандарттар ретінде бекітіліп,қолданысқа енді. ҚАЗТЕСТ тапсыру үшін дайындық құралдарын әзірлеу барысындақазақ тілін бес деңгей бойынша оқыту кешені қалыптастырылды. Бұл да қазақ тіліншетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемелерінің бірден-бір негізгіөзегі болды. Қазіргі таңда барлық әдіскерлер, оқулықтар мен оқу-әдістемелікқұралдар әзірлеушілер осы аталған ҚАЗТЕСТ стандарттары мен оқу-әдістемеліккешендеріне негіздеп жасайды және осы арқылы қазақ тілін ересектерге оқытуәдістемелері стандартталып, бір жүйеге түсті.

Ендігі кезек мемлекеттік қызметшілердің қызметке кірісу барысы менатестаттау барысында қазақ тілін қажетті көлемде меңгергендігін растайтын осыҚАЗТЕСТ сертификаттарын қолданысқа енгізу. Сонда осы қоғамда қайта-қайтакөтеріліп жүрген «алдымен сол басқарушы мемлекеттік қызметшілер қазақ тіліндесөйлеуі керек» деген уәждердің шешімі осы болмақ. Басқаша оның тетігі жоқ.

Екінші күнгі онлайн курста Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру мемлекеттікбағдарламасының негізгі индикаторларына қол жеткізудің тетігі ҚАЗТЕСТ жүйесініңдамуы туралы болады.

Еске сала кетейік, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 30наурыз бен 10 сәуір аралығында өңірлік тілдерді оқыту орталықтарыныңәдіскерлері, оқытушылары, магистранттар мен докторанттарға арналған«Мемлекеттік тілді оқыту әдістемесі» тақырыбында 10 күндік онлайн курстар өткізді.Екінші кезеңдегі онлайн курстар «Мемлекеттік тілді жетілдіру» тақырыбында 13сәуір күні қазақ терминдерін қалыптастыру мәселелері тақырыбынан басталды.

Тегтер: