12:41, 31 Наурыз 2020
Қазақстанда тағы 17 адамнан коронавирус табылды
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 31 наурызда таңертеңгі сағат 9.40-та 17 адамнан коронавирус табылғанын хабарлады.
Нұр-Сұлтанда — 2, Алматыда — 9, Қызылорда облысында — 3, Атырау облысында — 1, Ақтөбе облысында -1, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адамға вирус жұққаны анықталған. Науқастардың жалпы саны 325 адам болды.
Барлығы 21 адам (Нұр-Сұлтан — 14, Алматы — 7) аурудан жазылған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.
Вирус жұқтырған 325 адам мына қалаларда:
- Нұр-Сұлтанда — 175 адам
- Алматыда — 82 адам
- Қарағандыда — 13 адам
- Атырау облысында — 13 адам
- Ақмола облысында — 10 адам
- Алматы облысында — 6 адам
- Қызылорда облысында — 8 адам
- Жамбыл облысында — 3 адам
- Шымкентте — 2 адам
- Батыс Қазақстан облысы — 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында — 2 адам
- Ақтөбе облысында — 3 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында — 2 адам
- Павлодар облысында — 1 адам
- Маңғыстау облысында — 1 адам
Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған. Қазір коронавирустың таралуын тоқтату үшін Қазақстанның басым бөлігінде жұрттың сыртқа шығуына шектеу қойылған.