Ресейлік дәрігер шымкенттік әріптестерінің жұмысына оң баға берді

Шымкентке арнайытәжірибе алмасу мақсатында келген ресейлік жоғары дәрежелі реаниматологД.
Цветков жергілікті дәрігерлердің коронавирусқа қарсы атқарып жатқанжұмыстарына оң бағасын берді.
— Байқағанымыз, қазіргі уақытта жергілікті дәрігерлерштатты режимде жұмыс істеп, ауруханаға түскен кез келген науқасқа сапалымедициналық көмек көрсетуде. Науқастардың станционарға келіп түскенуақытынан бастап, толық емдеу жұмыстарының жүргізілуін көріп шықтық. Бұлтұрғыда барлығы дұрыс. Шымкент қаласындағы ауруханаларда интенсивті терапиянықажет ететін ауыр жағдайдағы науқастар жансақтау бөлімінде ем алуда. Бұған қосаоларға респираторлық терапия бойынша ем жүргізіледі екен. Бұл өте жақсы.Әлемдік медицина деңгейінде қолданылып жатқан емдеу тәсілдерінің бірі жасандыжелдету мен инвазиялық желдету аппаратын қолдана отырып, ауыр жағдайдағынауқасты аман алып қалу. Бұл тәсілді жергілікті мамандар жақсы меңгерген.Шымкентте науқастарға кәсіптік медицина мамандарының көмегі қолжетімді. Қалатұрғындарыгна айтарым, ауру басталған сәттен бастап, медициналық көмеккежүгініңіздер, — деді ресейлік дәрігер.
Айта кетсек, Ресейден келген медицина мамандарықаладағы бірнеше медицина ұйымдарын аралап, емдеу тактикасы бойынша жергіліктідәрігерлермен тәжірбие алмасуда. Жалпы шет елден 7 маман келген. Оның 3-еуіреаниматолог-дәрігер және 4 инфекционист