Ресей мен Қытай НАТО ықпалының Азияда күшеюіне қарсы
Ресей мен Қытай НАТО ықпалының Азия-Тынық мұхиты аймағында таралуына үзілді-кесілді қарсы. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров қытайлық әріптесі Ван И мен келіссөздер қорытындысында мәлімдеді.
Ресей СІМ басшысы атап өткендей, АҚШ бастаған альянс Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жағдайды тұрақсыздандыруға мүдделі.
«НАТО ұйымы біздің ортақ үйімізге қолын созбауы керек», - деді Ван И Лавровпен ынтымақтастығын көрсете отырып.
Дипломаттар сонымен қатар Тайвань Қытайдың ажырамас бөлігі болып табылады және бұл мәселеге кез келген сыртқы күш араласуға жол берілмейтіні туралы келісті.
Ван И атап өткендей, Мәскеу мен Бейжің халықаралық өндіріс тізбегі мен сауда айналымының үзілмеуін бірлесіп қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, дипломаттың айтуынша, Қытай мен Ресей көпполярлылық принципін ұстанып, әлемдік саясаттағы шектеулі мемлекеттердің монополиясына қарсы тұрмақ.
Фото: Ресей СІМ