Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:03, 13 Наурыз 2020

Режиссер Болат Атабаевтың халі ауыр. Туыстары емдеуге ақша жинап жатыр

None
None

Танымал театр режиссері, оппозиция қайраткері Болат Атабаев Мюнхендегі ауруханада ауыр халде жатыр.

Соңғы аптада бірнеше операцияны бастан кешірген. Соңғы рет 12 наурызда аяғының тізеден төменгі бөлігіне ампутация жасалған. Ол бірнеше күн ессіз күйде жатқан. Есін жиған соң бір мезет Facebook-та да шағын жазба қалдырды.

Оның қарындасы Дана Атабаеваның айтуынша, бүйрегі мен қант диабетінің салдарынан Болат Атабаевтың денсаулығы нашарлаған. Қазір емделуіне қаражат қажет. Емдеу құны қымбат. Атабаевтың жиені Алуа Атабаева Facebook желісінде қаражат та жинай бастады.

Қазақстандық құқық қорғаушылар Болат Атабаевты пікір-көзқарасы үшін қуғынға ұшырағаназаматтар қатарына қосқан. Жаңаөзен оқиғасынан кейін Болат Атабаев "әлеуметтік араздық қоздыру" бабы бойынша қамалып, кейінірек қоғам және халықаралық қауымдастық қысымынан кейін босатылды. Бірақ оған қоқан-лоқы, қысым тыйылған жоқ, соның салдарынан шетелге кетуге мәжбүр болды. Қазір Германияда тұрып жатыр.

Тегтер: