17:04, 13 Наурыз 2019
«Роналду – ұлы ойыншы»
«Атлетико» клубының шабуылшысы француз Антуан ГРИЗМАНН Чемпиондар Лигасындағы жеңіліске қатысты пікір білдіріпті.
Бұл туралы Жас АЛАШ УЕФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.Кеше түнде Италияның Турин қаласында Ювентус пен Атлетико арасында қарымта ойын өткен еді. Бірінші ойында Диего СИМЕОНЕ шәкірттері өз алаңдарында 2-0 есебімен жеңіске жеткен еді.«Альянц Стэдиум» стадионында италиялық команда 3-0 есебімен жеңді. Жалпы есеп 3-2. 14 финалға Ювентус шығып отыр.«Біз өз футболымызды көрсете алмадық. Дұрыс ойын таңдай алмадық. Бүкіл команданың көңіл күйі түсіңкі.Матчтың тағдырын шешпегенімен жауапкершіліктен жалтармаймын. Бүгін Ювентус бізден бір бас жоғары болды. Роналду – ұлы ойыншы. Үш сәті болды. Үшеуін де голға айналдырды», — деді әлем чемпионы Антуан Гризманн.Фото: champions.football.ua